«Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру».
Жоба жетекшісі: Картаева Айжан Маратбековна – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
АҢДАТПА
Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі – өңірдің әдеби мұрасын, тілдік танымдық бірліктерін, жер-су атауларын туристік бағытқа біріктірудің үлкен саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» [1] атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет», — деп өңірдің туризмін арттыру туралы нақты міндеттер жүктеді. Осыған сәйкес Шығыс Қазақстанның топонимдерінің этимологиясы мен мекендік аңыздарын цифрландыру негізінде аймақтың әдеби және лингвистикалық туризм бағыттарын зерттеу жобаның негізгі мақсаты болып саналады.
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы мен топонимдерін цифрландыру арқылы туристік бағыттарын дамыту мәселелері арнайы қарастырылмаған. Сондықтан аймақтың әдеби және лингвистикалық бағытын туризмді арттырудың бір саласы ретінде енгізуге ерекше назар аударылады.
«Әдеби туризм» — әдеби шығармаларда сипатталған жерлерге барумен, сондай-ақ осы шығармалардың авторларының шығармашылығымен танысатын мәдени туризмнің бір түрі. Бүкіләлемдік әдеби шығармашылықпен байланысты жерлерге баруды мақсат ететін туризмнің бір түрі» [2]. Туризмнің бұл түрі әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген адамдарды өзіне тартады. Бұл әдеби туризм бойынша туристерді киелі жерлермен, сол өңірдің мәдени мұраларымен, тарихи ескерткіштерімен, ақын-жазушылар өмірімен, шығармашылығымен таныстыру арқылы жүзеге асады. Қаламгерлер шығармаларындағы киелі жерлерге қатысты аңыздар мен аймақтық әдебиеттегі көрікті өлкенің табиғатын бейнелеу шеберлігіне зерттеулер жүргізіледі.
Әдеби және лингвистикалық туризм қазақстандық туризмнің дамуына өз үлесін қосады. «Бүгінгі турист пен туристік топқa, сaяхaтшы мен сaяхaтшылaрғa жергілікті жердің жер-су aтaулaры құнды деректер болып тaбылaды. Себебі, тaбиғaт құбылыстaрын, жер бедерлерінің ерекшеліктерін, елдің шaруaшылық тыныс-тіршілігінің бейне көрінісі мен қоғaм өміріндегі тaрихи, әлеуметтік-экономикaлық және сaяси өзгерістердің жaй-жaпсaрлaрын aнықтaп aйқын көрсететін жер-су aтaулaры» [3]. Бұл линвистикалық туризм бойынша географиялық нысандардың атына этимологиялық талдаулар жасау, тарихи-мәдени орындардың қысқаша тарихын сипаттау, туристік бағыттарға қатысты жер-су аттарын цифрландыру арқылы қол жеткізіледі.
Зерттеу жүргізу барысында әдеби және лингвистикалық, ономастикалық, топонимикалық, елтанымдық, фольклорлық ғылыми-практикалық деректерді іссапарлар мен әдеби-мәдени экспедициялар ұйымдастыру барысында, әлеуметтік сұрау нәтижесінде жинақтау, пікіpлеpді қоpыту, қaжетті мәліметтеpді capaлaу, картотека қалыптастыру, салыстырмалы-тарихи, сипаттама, этимологиялық талдау, хронологиялық, сұрыптау, іріктеу, әдеби-теориялық және мәтіндік талдау, аударма, т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады.
Жобаның нақты нәтижесінде Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі, топонимикасы мен аңыз әңгімелеріне байланысты Web of Science базасының Social Science Citation Index, Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index-те индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 35-тен (отыз бес) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 3 (үш) мақала жарияланады;
— ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 6 (алты) мақала, халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында 5 (бес) мақала жарық көреді.
— Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жоба бойынша баяндамалар жасалып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ресми сайтында жоба тақырыбына арналған жеке парақша ашылады. Таныстырылымдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар мен форумдар ауқымды түрде өткізіледі. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен білім беру мекемелері, мәдениет пен туризмге қатысты ұйымдар да тартылады.
— Табиғаты көпшілікті қызықтыратын Шығыс Қазақстан облысына туристерді көптеп тарту үшін қажетті жолсілтеме жасалады. Онда негізгі туристік бағыттар (маршруттар), этномәдени, демалыс нүктелері және бағыт бойында кездесетін топонимдердің түсіндірме сөздігі қамтылады.
— Жолсілтеме үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылып, туристік жерлердің фотоальбомы жасалады. Сонымен бірге әр елді мекеннің, табиғи нысанның, мәдени орынның аудан, облыс орталықтарынан қанша қашықтықта орналасқаны және елді мекендерде қанша халық тұратыны туралы статистикалық мәліметтер қоса беріледі. Жолсілтеме автокөлікпен, атпен, велосипедпен немесе жаяу жүретін туристерге таптырмас анықтамалық бола алады.
— Шығыс Қазақстанның тұңғыш топонимикалық туристік изоглостық картасы сызылып, ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйелер) картасының цифрлық нұсқасы жасалады (кемінде 10 б.т.);
— «Шығыс Қазақстанның туристік-топонимикалық цифрлы сөздігі» құрастырылады (кемінде 10 б.т.);
— «Шығыс Қазақстанның топонимдік аңыздары» атты цифрлы хрестоматия жарық көреді (кемінде 10 б.т.);
— «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі» атты монография жарияланады (кемінде 10 б.т.);
— Жоба тақырыбы аясында 1 докторлық диссертация қорғалады.
Барлық жарияланған материалдарда, соның ішінде отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар материалдарында, оқулықтар мен монографияларда жобаның атауы мен тіркеу сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ гранттық қаржыландыру көзі көрсетіледі.
Күтілетін нәтижелер
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде ең кемінде мынадай нәтижелер алынады:
— Туризмді дамытуда болашағы бар Шығыс Қазақстан облысына туристерді көптеп тарту үшін жоба жұмысының нәтижелері жарнама бола алады.
— Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі, топонимдері мен аңыз әңгімелері, аймақтық әдебиеттегі табиғат пен адам концепциясы теориялық-методологиялық тұрғыдан зерттеліп, әлемдік тәжірибемен салыстырылады.
— Әлемдік тәжірибедегі жер-су аттарының этимологиялық сөздігін жасауды салыстыра отырып, оны шешудің тиімді жолдары анықталып, сипаттамасы жасалады.
— Туристік мекендер мен киелі жерлердің әдеби-лингвистикасына, топонимикасы мен аңыз әңгімелеріне, сондай-ақ аймақтық әдебиетке қатысты деректер жинақталады.
— Жоба тақырыбы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ресми сайтында арнайы вебпарақша жұмыс істейді. Жобаға қатысты жарық көрген отандық және шетелдік басылымдардағы мақалалар вебпарақшаға жүктеледі.
— Жоба мүшелерінің ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында шетелдік тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстары жоспарланады.
— Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризміне, топонимикасы мен аңыз әңгімелеріне, аймақтық әдебиеттегі табиғат көрінісін суреттеу шеберлігіне қатысты әдебиеттану және тілдік талдаулар негізіндегі ғылыми-әдістемелік мақалалар немесе шолулар Web of Science базасының Social Science Citation Index, Science Citation Index Expanded, Arts and Humanities Citation Index-те индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 35-тен (отыз бес) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 3 (үш) мақала жарияланады;
— ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 6 (алты) мақала, халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында 5 (бес) мақала жарық көреді. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
— «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
— Шығыс Қазақстанның тұңғыш топонимикалық туристік изоглостық картасы сызылып, ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйелер) картасының цифрлық нұсқасы жасалады.
— Туристерге арналған үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жолсілтеме құрастырылады (кемінде 10 б.т.).
— ШҚО туристік жерлерінің фотоальбомы жасалады.
Жоба зерттеулерінің нәтижесінде нақты өнім ретінде:
— «Шығыс Қазақстанның туристік-топонимикалық цифрлы сөздігі» (кемінде 10 б.т.) құрастырылады.
— «Шығыс Қазақстанның топонимдік аңыздары» атты цифрлы хрестоматия (кемінде 10 б.т.) жарық көреді.
— «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмі» атты монография (кемінде 10 б.т.) жарияланады.
— Жоба тақырыбы аясында 1 докторлық диссертация қорғалады.
Жарық көрген еңбектер
AP26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты жоба бойынша шыққан ғылыми еңбектер
№ | Атауы | Басылым түрі | Шығу деректері (жинақ, шыққан жылы) | Көлемі (б.т.) | Қосалқы автор |
Халықаралық, ркспубликалық ғылыми конференцияларда жарияланған мақалалар | |||||
1 | Әдеби өлкетану мен аймақтық туризмді құндылық бағдарлы оқыту арқылы интеграциялау | мақала | «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 1-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025. – Б. 142-145 | 0,3 б.т. | А.М. Картаева, Б.Б. Келгембаева, Қ. Құрманбекұлы |
2 | Мекендік аңыздарды мәдени-танымдық туризм саласына пайдаланудың кейбір жолдары | мақала | «Фольклортану мен әдебиеттану ғылымы: өзекті мәселелер мен парадигмалар» академик Сейіт Қасқабасовтың туғанына 85 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 14 қараша, 2025 жыл. – Б. 291-299. | 0,6 б.т. | Б.Б. Келгембаева |
3 | Шығыс Қазақстанның лингвистикалық туризмі: Алтайдың ономастикалық ерекшеліктері | мақала | «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК2025 жылдың 15 қазаны | 0,8 б.т. | А.А.Алимхан, Қ.Т. Барбосынова |
4 | Шығыс Қазақстанның әдеби туризмі және өлкетану мәселелері | мақала | «Шәкәрім оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-тәжірибелік Шәкәрім университеті 2025 жылдың 14 қарашасы | 0,4 б.т. | А.М. Картаева, Ж.Қ. Қайырбаева |
5 | Абай туған қасиетті мекен топонимдерінің этимологиясы | мақала | «Абай Құнанбайұлы шығармаларының түркі тілдеріндегі аудармалары» атты Халықаралық симпозиум Самарқанд мемлекеттік университеті 2025 жылдың 22 қарашасы | 0,3 б.т. | Б.Н. Бияров, Ж.Қ. Қайырбаева |
Іс-шаралар
ӘДЕБИ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТУРИЗМ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ
2025 жылдың 30 қараша күні AP26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін зерттеу және әдеби-лингвистикалық бағыттарын насихаттау, дамыту мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан университеті студенттерімен «Ұлттық құндылықтар» жобасының авторы, ұстаз, журналист, «АТ TRAVEL» салт аттылар клубының мүшесі, «Садақ ату өнері», «Иппотерапия / атқа міну» үйірмесінің жетекшісі, 3-санатты салт атты спорт туризмінің қатысушы, жерлесіміз Дидар Оралбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Астана қаласынан арнайы келген ұлтжанды азамат салт атпен Қазақстанның киелі орындарына жасаған сапарлары туралы қызықты деректермен таныстырды. Атты туристер Жошы хан мазарына, Бозоқ тарихи орнына, Жидебайға т.б. бағытармен жүрген жолдары туралы әңгімелеп берді. Студенттер салт атқа міну, садақ ату сияқты ұлттық құндылықтар туралы құнды мәліметтер алды.
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘДЕБИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ»
атты ғылыми-әдістемелік семинар
2025 жылдың 4 қараша күні AP26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жобасы аясында «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘДЕБИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада өтті.
Семинардың мақсаты — Шығыс Қазақстан өңірінің әдеби және тілдік мұраларын туризммен ұштастыра отырып, әдеби-лингвистикалық туризмнің теориялық негіздерін айқындау, аймақтың мәдени-рухани әлеуетін насихаттау, сондай-ақ туристік бағыттарда қолдануға болатын аңыздар, топонимдер мен жергілікті жазушылар шығармаларын оқу-танымдық тұрғыда таныту.
Семинарда ШҚО туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ластаева Ислана Амировна «Шығыс Қазақстан облысының туризмі мәселелері» тақырыбында сөз сөйлеп, ШҚО туризмі туралы толық ақпарат беріп, облыстағы туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Бияров Бердібек Нұролдаұлы «Шығыс Қазақстандағы топонимдік нысандарды туристік маршруттарға енгізудің ғылыми негіздері» тақырыбында баяндама жасады. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Келгембаева Бақытжан Бекенқызы «Шығыс Қазақстан аңыздары — аймақтық туризмді дамытудың мәдени негізі» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми-әдістемелік семинар терең мазмұнды болды, құнды деректер айтылды. Семинар барысында айтылған ұсыныстар мен идеялар келешекте өз нәтижесін беріп, тиімді жалғасын табады деп сенеміз.
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ МЕН АҢЫЗДАРЫН ТУРИЗМДЕ НАСИХАТТАУ»
атты Халықаралық ғылыми вебинар
2025 жылдың 7 қараша күні AP26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жобасы аясында «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ МЕН АҢЫЗДАРЫН ТУРИЗМДЕ НАСИХАТТАУ» атты халықаралық ғылыми вебинар ұйымдастырылды.
Вебинардың мақсаты – өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, соның ішінде жер-су атаулары мен аңыздық деректердің танымдық, тәрбиелік және туристік әлеуетін айқындау, оларды заманауи туризм саласында тиімді пайдалану жолдарын талқылау.
Вебинарда Түркияның Анкара қаласындағы Қажы Байрам университетінің Әдебиет факультеті Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің ғылыми қызметкері Демет Білгін, Қажы Байрам университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жақтан М.Нәрікбаев университетінің докторанты Әлішер Халметов және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты Дана Ахмадиева ғылыми вебинарға онлайн қатысып, түркі елдерінің мәдени туризмі туралы сөз сөйледі.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Әлімхан Айгүл Әсетқызы «Шығыс Қазақстан топонимдерінің тарихи-мәдени негіздері және оларды туристік бағыттарда таныстыру тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сениор лекторы Қайырбаева Жазира Қуатбекқызы «Шығыс Қазақстан туризміндегі рухани мұра мен әдеби өлкетанудың әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.
Бұл халықаралық вебинар ұлттық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан танытудың, сол арқылы жаһандық мәдени кеңістікте Қазақстанның рухани бренді мен аймақтық ерекшелігін сақтаудың маңызын көрсетеді. Шығыс Қазақстанның тарихи және рухани мұрасын зерттеу мен насихаттаудың жаңа бағыттарын айқындаған, жастардың ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейткен, ұлттық сана мен рухани тұтастықты нығайтуға зор үлес қосқан маңызды ғылыми-практикалық шара болып табылады.
Шетелмен байланыс
ӘЛІШЕР НАУАИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
2025 жылдың 18 қарашасы күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры А.М.Картаева, кафедра меңгерушісі Қ.Т.Барбосынова және сениор-лектор Ж.Қ.Қайырбаева Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің Өзбек филологиясы факультеті студенттері мен оқытушыларына зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар барысында заманауи филологиялық зерттеу әдістері, әдеби және лингвистикалық туризмнің ғылыми-танымдық әлеуеті, сондай-ақ ұлттық мұраны зерттеу мен оны заманауи форматта ұсынудың тиімді жолдары қарастырылды. Қатысушылар ғылыми ізденістің жаңа бағыттарымен танысып, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл іс-шара қос жоғары оқу орны арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен жобаларға негіз қалады.
Түркияның Эге универсиетіндегі «Түркі дүниесі зерттеу» ғылыми-зерттеу институты
2025 жылдың 20 қарашасы күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Бияров Бердібек Нұролдаұлы пен қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Келгембаева Бақытжан Бекенқызы Түркияның Эге универсиетіндегі «Түркі дүниесі зерттеу» ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің бай топонимдік қазынасы мен аңыз-әңгімелерін түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасы тұрғысынан зерделеу және оны халықаралық ғылыми ортаға таныстыру болды. Ғалымдар топонимиканың тарихи-мәдени мәні, аңыз-әңгімелердің этнолингвистикалық сипаты, олардың әдебиет пен туризмдегі рөлі туралы ғылыми-әдістемелік пайымдауларын ортаға салды.
Бұл семинар тек қана академиялық алмасу емес, сонымен қатар, екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдетуге, ортақ зерттеу жобаларын дамытуға, жас ғалымдарға бағыт-бағдар беруге және түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын ұлықтауға арналған маңызды алаң ретінде бағаланды.
Іссапарлар
Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетіне іссапар
2025 жылғы 17-21 қараша аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессорлары Айжан Картаева, кафедра меңгерушісі Қарлығаш Барбосынова және сениор-лектор Жазира Қайырбаева ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде, Өзбек филологиясы факультетінде ұйымдастырылды. Оқытушылар тәжірибе алмасып, шетелдің орталық кітапханаларынан ғылыми деректерді қарастыру арқылы академиялық құзыреттілігін арттырды. Сонымен қатар, іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Тағылымдама барысында академиялық құзыреттілікті арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастық нығая түсті. Оқытушылар өз тәжірибесін әрі қарай университеттегі оқу процесіне және ғылыми жобаларға тиімді түрде қолдануды жоспарлап отыр.
ТҮРКИЯНЫҢ ЭГЕ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІССАПАР
2025 жылғы 18-22 қараша аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Бердібек Бияров және қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Бақытжан Келгембаева Түркияның Эге университетіндегі «Түркі дүниесі зерттеу» ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында оқытушылар түркі әдеби мұрасын зерделеу, мәдениеттер үндестігін зерттеу, сондай-ақ фольклор, тіл және әдебиет саласындағы деректерді жинақтау бағытында кешенді зерттеулер жүргізді. Эге университетінің жетекші ғалымдарымен кездесулер мен тәжірибе алмасу оқытушыларға халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, ортақ ғылыми жобаларды іске қосуға және отандық ғылымның әлемдік кеңістікпен интеграциялануына жол ашуға мүмкіндік берді.
Тағылымдама барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тәжірибе университеттегі оқу және зерттеу процесінде қолданылатын болады. Сонымен қатар, бұл іссапар жоғары білім беру сапасын арттыруға, академиялық құзыреттілікті күшейтуге және университеттің халықаралық ғылыми аренадағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Аманжолов университеті – ғылыми ынтымақтастық пен білімнің жаңа қырларын зерттеуге бастар жол.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы
(Алматы қаласы)
Ғылыми іс-сапар мерзімі: 07.11.2025 – 10.11.2025 жж.
Ғылыми іс-сапар орны: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапхана.
Ғылыми іс-сапардың мақсаты: «Орта мектепте әдеби-туристік өлкетану білімін цифрлық технологиялар негізінде қалыптастыру әдістемесі» тақырыбындағы докторлық диссертация бойынша жұмыс жүргізу, осы тақырыпқа қатысты материалдар жинау.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Орта мектеп оқушыларының әдеби-туристік өлкетану білімін қалыптастыруда цифрлық технологияларды қолданудың теориялық негіздерін айқындау және диссертациялық зерттеуге қажетті ғылыми материалдарды жинау.
Ғылыми іс-сапардың нәтижесі: Зерттеу тақырыбы бойынша теориялық және әдістемелік материалдарды жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жұмыс жүргізілді. Кітапхана қорындағы педагогика, цифрлық білім беру, өлкетану, әдеби-туристік бағыттағы оқу-әдістемелік еңбектер, монографиялар, диссертациялық зерттеулер және ғылыми мақалалар қарастырылды. Жиналған материалдар «Орта мектепте әдеби-туристік өлкетану білімін цифрлық технологиялар негізінде қалыптастыру әдістемесі» тақырыбындағы докторлық диссертацияның теориялық базасын толықтыруға және зерттеу әдістемесін нақтылауға пайдаланылатын болады.
















































