Ректорлардың тарихы

Шестаков Андрей Андреанович
ӨПИ-нің директоры 1952 — 1953жж.
Өскемен педагогикалық институтының директоры 1952 жылдың қыркүйегінен 1953 жылдың ақпанына дейін. 1903 жылы Змеиногорск уезінің Томск губерниясында дүниеге келген. 1920 жылы Барнаул қаласында Алтай губерниялық мұғалімдер курсын бітірді. Мұғалім, "Қызыл Ту" газетінің қызметкері болып жұмыс істеді. 1927-1943 жж. Алтай өлкесіндегі мектеп директоры, педагогикалық техникум директоры, Өскемен қаласы Ленин атындағы мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1939 жылы Абай атындағы ПИ, 1943 жылы Қызыл Армия әскери-педагогикалық институтын сырттай бітірген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы: II дәрежелі Отан соғысы Ордені, Қызыл жұлдыз Ордені, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Будапештті алғаны үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдары, Сталиннің 11 алғыс хатымен марапатталған.

Ермолаев Лев Александрович
ӨПИ-нің директоры 1953-1955жж.
1916 жылы Татар ССР дүниеге келген. Ф.м.ғ.к., доцент. Ленин атындағы Казань университетінің түлегі. 1941 жылдан 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының құрамында болған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Калинин және Балтық майдандарында ерлікпен соғысып, ауыр жарақат алды. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1947-1950 жж. ҚазКСР ҒА аспирантурасында оқиды. 1951 жылы "Математик" мамандығы бойынша диссертация қорғайды, 1953 жылға дейін Абай атындағы педагогикалық институтта жұмыс істейді. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтына математика кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындаланды.

Темирбеков Абдулла Хусаинович
ӨПИ-нің директоры 1955-1960 жж.
Педагогикалық ғылым кандидаты, доцент. 1929 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірді. 1929 ж. еңбек жолын мектепте психология пәнінен сабақ беруден бастады. 1932-1937 ж. Орал педогогикалық институты директорының сыртта оқу жөніндегі орынбасары. 1939-1948 ж. Қызылорда педогогикалық институты директорының ғылыми жұмысы жөнідегі орынбасары. 1950-1955 ж.- Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында декан. 1955 жылы Өскемен педагогикалық институтының директоры қызметіне тағайындалады.Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы 1962-1970 жылдары Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Жоғары оқу орындарына арналған психологиялық оқулықтарының, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. "ҰОС-дағы ерен еңбегі үшін", "еңбектегі ерлігі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары, "ҚазКСР ағарту үздігі" белгісімен марапатталған. ӨПИ-нің ПОҚ қалыптастырған. Алғашқы типтік студенттік жатаханаға қол жеткізген.

Увалиев Юмаш Каримович
ӨПИ-нің директоры 1960 -1984 жж.
ӨПИ-нің ректоры 1961—1984 жж.
ШҚМУ-дың құрметті ректоры, құрметті профессор, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК профессоры. Қазақстанның жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. Физикалық химия бойынша қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтың авторы. Юмаш Кәрімұлы оқытушыдан ректорға дейінгі жолдан өтті, ректорлық қызметі 25 жылға жуық уақытқа созылды. Мұғалімдер кадрларын даярлауды жетілдіруге, мамандықтар санын көбейтуге, ПОҚ біліктілігін арттыруға, материалдық базаны нығайтуға көп көңіл бөлді. Юмаш Каримовичтің қызметі барысында бас ғимарат, студенттік жатақханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынды. Марапаттары: "Құрмет Белгісі", Қазан төңкерісі ордендердері, 7 мерейтойлық медаль. Қазақ КСР және КСРО Ағарту ісінің үздігі.

Мамбетказиев Ережеп Альхаирович
ӨПИ/ШҚМУ ректоры 1984-2001жж.
Абай атындағы ҚазПИ-де білім алған. 1963 — 1984 ж. ҚазМУ-де ғылыми педагогикалық жұмыстар атқарған. 1984 — 2001 жылдар Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, 1993 — 1995 ж. ҚР Білім министрі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Қазақстан-Америка еркін университетінің (Өскемен қаласы) президенті. Үйлестіру қосылыстарының отандық электрохимия ғылыми мектебінің негізін қалаушы. Оның басшылығымен 30-ға жуық ғылым докторлары мен кандидаттары дайындалды. Тестілеу, "Болашақ" президенттік бағдарламасы, үштілділік,"бакалавр — магистр — PhD", өңірлік университеттер (Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Атырау), Қазақстанның жоғары мектебінің Ғылым Академиясын құру," Қазақстандағы жоғары білім" журналын шығару және т.б. ЖОО тәжірибесіне енгізілген білім, ғылымды реформалаудағы бірқатар инновациялардың авторы.

Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров
ӨПИ/ШҚМУ ректоры 2001-2005жж.
Техника ғылымдарының докторы (1998), профессор, ҚР ҰИА академигі (2003). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). 1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін үздік бітірді. 1972-1991 жылдары Қазақ политехникалық институтында жұмыс істеді. 1972-1975 инженер, аға инженер, 1979-1981 жылдары кіші және аға ғылыми қызметкер, салалық глинозем ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі; 1981-1982 жылдары — металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы; 1982-1986 жылдары — металлургия факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары; 1986-1991 жылдары — металлургия кафедрасының доценті. 1991-1997 жылдары — жоғары білім және ғылым Бас басқармасының бас маманы, 1993 жылдан — ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және технологиялық білім бөлімінің бастығы; 1997-1999 жылдары-қаржы-экономикалық сараптаманың сараптамалық-талдау бөлімінің консультанты, ҚР Премьер — Министрі Кеңсесінің экономикалық бөлімінің консультанты; 1999-2001 жылдары-ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары білім департаментінің директоры. 1995 жылы төменгі саксондық неміс басқару академиясын кадрлар менеджері мамандығы бойынша бітірді. 2001-2005 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры. Шетелдік, одақтық және республикалық басылымдарда 300-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 3 монография, 4 оқу құралы, 30 әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдардың авторы, 11 авторлық куәлігі бар.

Ахметов Ашимжан Сулейменович
ШҚМУ ректоры 2005-2006жж.
Техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтын үздік бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы бастаған. 1973-1978 жылдары — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының аспиранты, Ленинград технологиялық институтының аспиранты болып жұмыс істеген. 1978–1989 жылдары — доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. 1992–1994 жылдары — «Қазфосфор» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Қаратау» холдингтік компаниясының бірінші вице-президенті, қазақ-лихтенштейндік «INKO» бірлескен мекемесінің бас директоры болған. 1994–1995 жылдары — 13-ші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995–1996 жылдары — Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Көлік, өнеркәсіп, энергетика және байланыс комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. 1996–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы болды. 1999-2008 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, Ш. Есенов атындағы Ақтау, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметтерін атқарған. 2008-2012 жж. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.

Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев
ШҚМУ ректоры 2006-2008жж.
1968 жылы Қарағанды қаласының №1 орта мектебін бітіріп, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетіне түсті. Студенттік жылдары кезінде ғылыми үйірмелерге белсенді қатысып, баяндамалармен сөз сөйледі. В.И.Ленин атындағы стипендиаты. (1971-1973 жж.) 1973 – 1977 жж.аралығында Қазақ мемлекеттік университеттің аспирантурасында «02.00.03 – Органикалық химия» мамандығы бойынша оқыды. 1977 жылы химия ғылымдарының кандидаты ғылыми ддәрежесін алуға диссертацияны қорғады. Жас ғалымға оның бірінші ұстазы, ҚР ҒҰА корреспондент-мүшесі А.Ш.Шарифканов үлкен әсерін тигізді. 1977 -1979 жж.аралығында Қарағанды мемлекеттік университетте оқытушы, 1979 -1985 жж.- Қарағанды кооперативті институтта доцент және докторант, 1985 – 1996 жж.-ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі, ҚР БҒМ синтез және көмір химия институт директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1991 жылы докторлық диссертацияны қорғап, профессор атағына ие болды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып тағайындалды. 2003 жылы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болды. 1996 -1998 жж.аралығында — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемленкеттік университеттің бірінше проректоры болды. 1998 — 27.04.2006 аралығында – Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмір –химия Институт директор басшысы болып жұмыс істеді, сонымен қатар осы кезде Ресей-Қазақстан Қазіргі Гуманитарлық Университеттің бірінші проректоры болып тағайындалды. 2006 – 2008 жж.аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлееттік университетінің ректоры болып жұмыс істеді. 13.02.2008 ж.бастап – Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің ректоры. 600-ден аса ғылыми жұмыстардың, сонымен қатар 9 монография, 4 кітап, 2 оқулық, 35 авторлық куәлік мен патенттердің авторы. А.М.Ғазалиев ғылыми басшылығымен 7 докторлық және 40 кандидаттық жұмыс қорғалды. Қарағанды қаласында ол табиғи және азоты бар заттар химиясының саласында ғылыми мектеп құрды. 2001-2003 жж.аралығында Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі ғылым, техника және білім саласында ҚР Мемлекеттік премия бойынша Комиссияның мүшесі болып табылады. Органикалық байланыстар электрохимиясының РҒА Ғылыми Кеңесінің (Мәскеу) мүшесі болды. 2000, 2006 және 2008 жылдары ғылым мен техникаға аса көрнекті үлес қосқан мамандар мен ғалымдардың Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. Ғылым мен білім дамуына еңбегі үшін А.М.Ғазалиев ҚР Президентінің Құрмет Мадақтамасы, Білім ждәне Ғылым Министрлігінің мадақтау қағазымен,»Қазақстан Республикасының Білім үздігі» кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының ғылым дамуына қосқан үлес үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдерімен, Ы.Алтынсарин атындағы кеуде белгісімен марапатталды.

МАМРАЕВ Бейбіт Баймағамбетұлы
ШҚМУ ректоры 2008-2012жж.
Еңбек жолын 1973 жылы жұмысшы болып бастаған. Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. 1980 жылы Қарағандыдағы Центросоюз кооперативтік институтына оқытушы ретінде шақырылған. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын мезгілінен бұрын аяқтап, кандидаттық диссертациясын қорғады. Қарағанды мемлекеттік университетіне доцент болып қызмет етті. 1989 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына ауысты. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық қызметтер атқарды. 1998 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу диссертациясын қорғады. 2000 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Академик Зейнолла Қабдоловтың шақыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әдеиет кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 2000-2004 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде білім және ғылым секторын, кейін Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік саясат секторын басқарды. Ғылым, білім, мәдениет («Мәдени мұра») спорт және туризм денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысын дамыту салаларындағы Мемлекеттік бағарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысты. 2004 жылы дипломатиялық қызметке жіберілді. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Кеңесші-Елші болды. Бұл қызметі кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ҚР-дің РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Е. Көшербаевтың жетекшілігімен маңызды гуманитарлық-мәдени жобалар жүзеге асырылды – Москва қаласында қазақтың ұлы ақыны Аай Құнанбайұлы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға, Волоколамскіде Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы мен И.В.Панфиловқа ескерткіш орнатылды. Москвадағы Қазақстан Елшілігінде Абай институты ашылды. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымында республика өңірлерінің экономикалық саясаты мен дамуын жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс істеді. 2008-2012 жылдары – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2012-2016 жылдары «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің» ректоры болды. 2014 жылы АҚШ-та Калифорниялық Беркли университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров
ШҚМУ ректоры ақпан-қазан 2012ж.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1995-1997 "Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті" мекемесінің оқытушысы. 1997-2001жж. "Семей" мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі, 2001-2004 Семей мемлекеттік университеті бөлімшелерінің маркетинг және жалпы мониторинг қызметінің басшысы. 2004-2007 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры. 2007-2008 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры. 2008 бірінші проректор - Семей мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2008-2012 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2012 ақпан-қазан аралығында С. Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2013-2014 "Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 2015ж. "Қазмедиа орталығы" компаниясының директоры. 2016-2020 Шәкәрім Университетінің Ректоры. 06.2020-08.2022 жж. Швейцарияның Экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебінің Президенті, Сьон қ. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі.

Әлібек Өсербайұлы Қуандықов
ШҚМУ ректоры 2012-2017жж.
1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 2004 ж. Ақмола технология және бизнес университетін бітірген. 1990 жылдан бастап Мәскеудегі Ресей басқару академиясының аспирантурасында ғылыми жұмыспен айналысқан. 1993 жылы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ала отырып, кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылдың ақпан айында экономика саласы бойынша докторлық диссертация қорғады. 20 жылдан астам ғылыми-практикалық қызметпен айналысады. 80-нен астам ғылыми еңбектердің авторы. 1995 – 1998 жылдары "қоғамдық бірлестіктер туралы", "партиялар туралы", "Ғылым туралы" заңдардың, бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, "Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілері туралы" ереженің, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобаларын әзірлеуге қатысты. 25 жылдан астам мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. 1977 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанның партиялық және мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің әкімшілігінде қызмет атқарды. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде. Министрдің кеңесшісі, басқарма бастығы, комитет төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, ҚР БҒМ Білім беру құрылымдарын басқарды. Көп жылғы еңбегі, жемісті ғылыми және қоғамдық қызметі үшін Әлібек Өсербайұлы "Ерен еңбегі үшін" және "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медальдарымен, "Ы. Алтынсарин"; ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, "Құрмет" орденімен марапатталған. А.У. Қуандықовтың С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры ретіндегі қызметі материалдық-техникалық базаны нығайтумен және жоспарлы дамуды қамтамасыз етумен байланысты болды. Осы жылдары ЖОО-ның ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігіндегі ұстанымын нығайту жалғасты.

ТӨЛЕГЕН МҰХТАР ӘДІЛБЕКҰЛЫ
ШҚУ ректоры 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін
1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 - 2001 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің тергеу-криминалистік факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2001 - 2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маман-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы. 2002 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, «12.00.08 - қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2003 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректордың көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы. 2006 - 2007 жж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің құқықтық пәндер бөлімінің меңгерушісі болды. 2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды. 2007 - 2008 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.). 2008 - 2012 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарды: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.). 2012 жылдың 26 қаңтарынан 2016 жылдың 24 мамырына дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры (Қостанай қ.). 2016 жылдың 24 мамырынан бастап 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы (Талдықорған қ.).
2017 жылдың 07 сәуірінен 2018 жылың 29 қаңтары аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры. 2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №7-жқ бұйрығына сәйкес С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бастап «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-ректоры. Мұхтар Әділбекұлының ЖОО-ғы қызметінің негізгі кілт бағыттары: билік органдарымен, ШҚО және республиканың басқа өңірлерінің мектептерімен тығыз ынтымақтастықта кәсіптік бағдарлау жұмысы; педагогикалық шеберлікті жетілдіру және ПОҚ-ның өзекті құзыреттерін дамыту үшін жағдай жасау, университеттің кадрлық әлеуетін дамыту, сондай-ақ жас және перспективалы түлектерді тарту, талант-менеджментті дамыту; білім беру қызметтері, жұмысқа орналастыру нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын практик-мамандармен ынтымақтастықта жетілдіру.