Университет басшылығы

Басқарма төрағасы – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ ректоры
Профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті,
Өскемен қаласы мәслихатының депутаты

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді.

1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 – 2001 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.

2001 – 2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маман-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2002 – 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, «12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

РОВНЯКОВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА

РОВНЯКОВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА

Басқарма төрағасының орынбасары – Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,
п.ғ.к., доцент, ҚПҒА (Қазақстан) және ПҒХА (Ресей) мүшесі

БІЛІМІ:

1986-1991 жж. – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Тарих» мамандығы, біліктілігі – тарих, қоғамтану және құқық мұғалімі (үздік).

2003-2006 жж. – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті магистратурасы, «Педагогика» мамандығы, мамандандырылуы – «Білім берудегі менеджмент» (үздік).

2006 ж. – педагогика магистрі академиялық дәрежесі берілді.

2009 ж. – диссертация қорғау, 13.00.01 – педагогика ғылымдарының кандидаты мамандығы бойынша ғылыми дәреже берілді. Диссертация п.ғ.д., профессора Н.А. Завалконың жетекшілігімен орындалды.

2015 ж. – Психология ғылымдары халықаралық академиясының (Ресей Федерациясы) корреспондент-мүшесі.

2017 ж. – Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

 

Алимбекова Нурлана Бауржановна

Алимбекова Нурлана Бауржановна

Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, PhD

Алимбекова Нурлана Бауржановна, 1983 жылы 11 қаңтарда Бурятия АССР-нің Джида кентінде дүниеге келген.

Білімі:

2000-2004 жж. – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Математика» мамандығы, біліктілігі – математика бакалавры (үздік).

2004-2006 жж. – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Математика» мамандығы бойынша магистратура, біліктілігі – математика магистрі (үздік).

2018-2021 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 6D060100-Математика мамандығы бойынша докторантура.

2020-2022 жылдары – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, 6В04201 – Құқықтану мамандығы, біліктілігі –  құқық бакалавры

2023 ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ диссертациялық кеңесінде (Алматы қ.) «Бөлшек-дифференциалдық фильтрация теңдеулері үшін бастапқы-шекаралық есептерді шешудің ақырлы элементті әдістері» тақырыбында диссертация қорғады.