30 октября 2025
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Жоспарға сәйкес Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде ата-аналармен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-ана, колледж және студент арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен сенімді арттыру, білім алушылардың оқу мен тәрбиелік бағыттағы жетістіктерін талқылау болды.
Колледждің барлық топтарында кураторлар онлайн және оффлайн форматтарда ата-аналар жиналысын өткізді. «Білім келешегі – адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы бұл жиын студенттердің оқу процесіндегі жетістіктері мен тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
✔ Студенттердің оқу үлгерімі мен тәртіптік ахуалы;
✔ Адалдық, азаматтық ұстаным және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру;
✔ Қаржылық және киберқауіпсіздік жөніндегі түсіндіру жұмыстары;
✔ Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық шаралар.
Жиналыс барысында кураторлар мен педагогтар студенттердің білім сапасы, сабаққа қатысу деңгейі, кәсіби бағдарлануы және жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ата-аналар колледждің оқу және тәрбие бағытындағы жұмыс жоспарымен танысып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Ата-аналар өз балаларының оқу жетістіктеріне, қоғамдық белсенділігіне және болашақ мамандыққа деген қызығушылығына оң баға беріп, колледж ұжымына ризашылықтарын білдірді. Олар студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде колледж бен ата-ананың өзара ынтымақтастығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Колледж директоры Б.Толегнова, ата-аналармен кері байланыс орнатудың, әр студенттің тұлғалық дамуы мен әлеуметтік бейімделуінде отбасылық тәрбиенің рөлін күшейтудің қажеттілігін айтты. Сондай-ақ студенттердің бойында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және кәсіби этика секілді қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы баса айтылды.
Қорытындылай келе, мұндай кездесулер – ата-ана, колледж және студент арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудың, саналы да адал, кәсіби тұрғыдан дайын ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамдарының бірі болып табылады.



