12 мамыр 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КОГНИТИВТІК ӘЛЕУЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ КУРС ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау ресурстық орталығында Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университеті-пен жасалған ынтымақтастық келісімі аясында шақырылған профессор, Когнитивтік экономика ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Бархударов Мансур Иса оглының авторлық курсы өтті.

Курс тақырыбы – «Халықтың когнитивтік әлеуеті цифрлық экономика мен қоғам контекстінде».

Курстың мақсаты – цифрлық экономика жағдайында когнитивтік әлеуеттің рөлін жүйелі түрде түсіндіру, оны бағалау, басқару және дамыту бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.

Курс барысында когнитивтік әлеуеттің теориялық негіздері, цифрлық экономика жағдайындағы ойлау трансформациясы, когнитивтік әлеуетті бағалау және дамыту жолдары, мемлекеттік саясат пен стратегиялар, жасанды интеллекттің рөлі, когнитивтік аналитика және деректерге негізделген тәсілдер, сондай-ақ білім беру мен ұйымдық деңгейдегі когнитивтік даму мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар цифрландырудың адам ойлау жүйесіне әсері, когнитивтік капиталдың мәні, адами капиталды дамыту бағыттары және заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану мәселелері талқыланды.

Курс соңында бағдарлама авторы қатысушыларға сертификаттар табыстап, олардың кәсіби дамуына сәттілік тіледі.

Бұл курс цифрлық экономика жағдайында адам капиталының когнитивтік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды ғылыми-білім беру алаңы ретінде жоғары бағаланды.