2 наурыз 2026


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ТОҒЫСЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТТЫ ӨТТІ

    С. Аманжолов атындағы ШҚУ  Жоғары колледжде  «Ғылыми-жаратылыстану» пәндік-циклдік бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі «Жаратылыстану және цифрлық интеллект тоғысы» тақырыбымен ашылды. Шара ардагер ұстаздардың құттықтауымен және «Наурыз» әнінің әуенімен шашу шашылып басталды. Оқытушылардың роботқа ұқсап билеген билері білім алушылар мен оқытушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап басталды.

    Ашылу салтанатында жүргізушілер қазіргі білім саласындағы цифрлық өзгерістерге тоқталып, Президент Жолдауында атап өтілген жасанды интеллектті дамыту бастамаларының маңызын айрықша атап өтті.

      Колледж директоры Б.Т.Төлегенова қатысушыларды онкүндіктің ашылуымен құттықтап, жаратылыстану пәндерінің цифрлық технологиялармен ықпалдасуы білім сапасын арттырудағы басты бағыт екенін жеткізді.

     Іс-шара барысында оқытушылар  А.М. Болат пен А.Е. Абзоллина  «Бананның ДНҚ-сын алу» тәжірибесін көрсетті.  Ал, А.С. Сабетқанова физика пәні  бойынша қызықты тәжірибелер өткізді. Ж.М.Токенова  сергіту сәтін ұйымдастырса, А.Т. Камалбаева  өздерінің ғылыми жобаларының нәтижелерімен бөлісті.

     Ардагер ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен поэзиялық жолдар шараның әсерлі сәтіне айналды. Сонымен қатар оқытушы А.М. Болаттың орындауындағы «Апталыққа шашу» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөледі.

       Соңында жүргізушілер онкүндікті ресми түрде ашық деп жариялап, барлық ұстаздар мен  білім алушыларды белсенді қатысуға шақырды.