31 наурыз 2026


«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылдың 31 наурызында «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжінде халықаралық қатысумен «Цифрлық Қазақстан: жастар, ғылым және инновациялар» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Жоғары колледж студенттерінен басқа М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінің Экономика және сервис колледжі және Иркутск мемлекеттік университетінің колледждерінің білім алушылары қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына ерекше назар аударды. Студенттер арасында пікір алмасу жүргізіліп, жаңа идеялар мен инновациялық ұсыныстар ортаға салынды. Сонымен қатар, конференция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.