25 қыркүйек 2026


«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН»: БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН АРТТЫРУ

     ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» акциясының 6,7,8 күндері аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқытушыларымыз «Шығыс Балдырған» ЖШС балабақшасында «Кәсіпорын маманы- сарапшы», «Студент өндіріс көзімен» жоспарына сәйкес табысты жұмыстар атқарды.
Осыған дейін колледж қабырғасында алған білімдеріне сүйене отырып, шәкірттеріміз өндіріс мамандарымен тәжірибе алмасты.
   Студентеріміздің тәжірибелік білімдерін бағалау мақсатында, әр түрлі мамандыққа қатысты тапсырмалар беріліп, тәрбиешілеріміздің көз қарасымен сарапшылық пікірлер алынды.
Колледж, кәсіпорын арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың нәтижесінде тәжірибе алмасу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Соңында кәсіпорын мамандары өз пікірлерін ортаға салып, студентерімізден сауалнама алынды. «Колледжде алған білім өндірісте қаншалықты қажет?», «Қандай технологияларды қосымша меңгеру қажет?», «Түлектерге қандай дағды жетіспейді?» деген бір қатар өзекті сұрақтар қозғалып, кәсіби мамандармен шешу жолдары ұсынылды.