29 Ақпан 2024


ШҚУ-ДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Көктемнің алғашқы күнінде 130-дан астам этностың өкілдері ең жас, әйтсе де өте терең мағыналы мереке-Алғыс айту күнін атап өтіп, бір-біріне «Рахмет» деген ең жылы сөзді айтады.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Алғыс айту күні қарсаңында «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық дәмдер керуені» жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкеде бауырсақтар сөрелерден көрініп, асыл таспен көмкерілген көздің жауын алатын ұлттық зергерлік бұйымдар – сырғалар мен жүзіктер,ұлттық стильдегі авторлық жастықтар мен көрпелер өздерінің әсемдігімен таңғалдырды.
Студенттер мен оқытушылар мерекелік іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысып, аспаздық өнімдерді сатып алып, зергерлік бұйымдарды киіп көрді. Айта кету керек, барлық жиналған қаражат «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ-ге беріледі.