3 декабря 2025


Академиялық серіктестік: С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі мен Бишкек Инновациялық колледжі бірлескен даму жолдарын талқылады

        2025 жылы 3 желтоқсанда  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті Жоғары колледжде Бишкек Инновациялық колледжімен  академиялық желіні кеңейту мақсатында онлайн форматтағы халықаралық мобильдік кездесу Zoom платформасында өтті.

         Кездесудің мақсаты:  шетелдік серіктес колледждер тікелей байланыс орнату;  білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алмасу;  студенттер үшін онлайн курстар, бірлескен модульдер және қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын талқылау;  оқытушылардың цифрлық педагогика және заманауи білім беру технологиялары бойынша тәжірибе алмасуы;  халықаралық жобаларға қатысуға дайындық жүргізу.