22 января 2026


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ «САРАПШЫЛАР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙДЫ: WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫНА ТИІМДІ ДАЙЫНДЫҚ» ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

      2026 жылғы 22 қаңтарда «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті КЕ АҚ Жоғары колледжінде «Сарапшылар қалай ойлайды: WorldSkills чемпионатына тиімді дайындық» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. 

        Іс-шараның мақсаты – WorldSkills чемпионатына студенттерді даярлайтын педагогтердің сараптамалық ойлауын дамыту, бағалау критерийлерін тұтас түсінуді қалыптастыру және WorldSkills стандарттарына сай тиімді дайындық жүйесін жоспарлау мен іске асырудың практикалық дағдыларын жетілдіру болды.  

     Шеберлік сағатына арнайы шақырылған сарапшылар: «Өскемен Жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК жалпы кәсіби пәндер оқытушысы Салихов Е.С.,   Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Балтабекова А.К. бағдарлама барысында WorldSkills бағалау логикасы, CAD құралдары мен инженерлік ойлау, модульдік дайындық стратегиялары, чек-лист пен өзін-өзі бағалау, сондай-ақ стандарттар бойынша сарапшы дайындығы мен практикалық кейстерді талдау тақырыптарын қамтыды.

     «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕ АҚ Жоғары колледж арнайы пән оқытушылары Чыншаева Н.Т. мен Рамазанова Э.Н. өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара кері байланыс пен сұрақ-жауап форматында қорытындыланады.