23 сәуір 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ ERASMUS БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПОЛЬШАДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессорлары С.А. Стельмах пен И.К. Мацкевич Erasmus бағдарламасы аясында Польша Республикасындағы Медициналық және әлеуметтік ғылымдар академиясында (ANSIM) іссапарда жүр.

Іссапардың негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасу, Hermes AI жүйесінің жұмыс ерекшеліктерімен танысу, сондай-ақ шетелдік студенттерге дәріс өткізу арқылы кәсіби біліктілікті арттыру. Бағдарлама аясында оқытушылар Академия студенттеріне арналған сабақтар жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Сонымен қатар, сапар барысында білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттағы тәжірибе алмасу отандық білім беру жүйесін жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

Erasmus бағдарламасы – жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Ол студенттердің академиялық ұтқырлығын қолдап, шетелде білім алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ университеттер арасында серіктестікті нығайтуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуына жағдай жасайды.

Мұндай халықаралық іссапарлар оқытушылардың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға және университеттің халықаралық беделін нығайтуға зор үлес қосады.