27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОРЫС ТІЛІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

2026 жылғы 27 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында орта буын оқушыларына арналған орыс тілінен облыстық олимпиада өтті. Зияткерлік сайысқа Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан 50-ге жуық оқушы қатысты.

Байқауға қазақ және орыс тілінде білім алатын сынып оқушылары қатысты. Олимпиада барысында қатысушылар орыс тілінің лексикасы, сөзжасамы және морфологиясы бойынша тапсырмаларды орындады.

Нәтижесінде, орыс тілінде оқытатын мектептер арасында І орынды №9 мектептің оқушысы Садуев Тимур иеленді. Ал қазақ тілінде оқытатын мектептер арасында І орынды тең ұпаймен Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Мұқатай Райхан мен Меновнов орта мектебінің оқушысы Тоқтарбаева Айбота бөлісті.
Аталған олимпиаданы өткізу дарынды оқушыларды қолдауға, олардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыруға және университет пен өңір мектептері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.