15 мамыр 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

18 мамыр күні сағат 15:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті-нде 2027–2028 оқу жылының күзгі семестріне арналған шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушыларды қорытынды іріктеуге байланысты сараптамалық және тәуелсіз сараптамалық комиссияның отырысы өтеді.

Аталған комиссия отырысы академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Оның барысында I және II кезең қорытындылары бойынша үміткер студенттердің нәтижелері жан-жақты қаралып, халықаралық білім беру бағдарламасына қатысуға лайықты білім алушылар анықталады.

Комиссия мүшелері студенттердің академиялық үлгерімін, ғылыми және оқу жетістіктерін, шет тілдерін меңгеру деңгейін, сондай-ақ мотивациялық дайындығын бағалайды. Сонымен қатар үміткерлердің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға бейімділігі, халықаралық ортаға тез бейімделу қабілеті мен кәсіби даму мақсаттары ескеріледі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу арқылы халықаралық тәжірибе жинақтауға, білім көкжиегін кеңейтуге және кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында білім алушылар жаңа білім беру жүйесімен танысып, тілдік дағдыларын жетілдіріп, халықаралық академиялық байланыстар орнатады.

Университетте академиялық ұтқырлықты дамыту – білім сапасын арттыру мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты іріктеу кезеңдері ашықтық, әділдік және академиялық талаптарға сәйкестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылуда.

Қорытынды іріктеуден өткен білім алушылардың тізімі университеттің ресми сайтында жарияланып, қатысушыларға қосымша ақпарат беріледі.