5 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогикалық білім беруді дамыту және болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі Оралтай Мұратқанұлы Жолымбаев қатысып, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Семинар барысында Қазақстандағы педагогикалық білім берудің қазіргі жағдайы, мұғалім кадрларын даярлаудың сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар педагогикалық білім берудің заманауи үрдістері жөнінде пікір алмасып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ педагог мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды.

Семинар соңында профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, педагогикалық кадрларды даярлаудың келешегі, білім беру сапасын арттыру тетіктері және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бағыттары бойынша ашық пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және педагогикалық білім беруді жетілдірудің маңызды бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.