9 маусым 2026


2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурс нәтижелері белгілі болды.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болған білім алушылар анықталды. Іріктеуден сәтті өткен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға оқу барысында зор табыс, жаңа білім мен тәжірибе, ғылыми-академиялық жетістіктер және жарқын әсерлер тілейміз.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары студенттерге шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге, кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және мәдени байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық үміткерлерге бағдарламаларға қызығушылық танытқаны, белсенділік көрсеткені және кәсіби әрі тұлғалық дамуға ұмтылғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім мен біліктілікті арттыру жолында табысты қадамдар жасай берулеріңізге тілектеспіз.