9 маусым 2026


2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурс нәтижелері белгілі болды.

Аты-жөніБілім беру бағдарламасыКурсЖоғары мектепЕл / Университет
1Айдосқызы Айым6В01707 Шетел тілдері (IP)1Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіПольша – Адам Мицкевич атындағы университет
2Айтқазина Сабина Жеңісбекқызы6В04108 Қаржы және есеп3Бизнес және құқық жоғары мектебіЛитва – Витаутас Магнус университеті
3Аман Ұлболсын Нұрымбетқызы6В04108 Қаржы және есеп3Бизнес және құқық жоғары мектебіИталия – Генуя университеті
4Бақытқызы Аман6В01513 Математика (IP)1IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіИталия – Генуя университеті
5Болат Жасмина Талантқызы6В05201 География1IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіМалайзия – Сұлтан Идрис атындағы Білім беру университеті
6Делдерқанова Шұғыла6В04108 Қаржы және есеп3Бизнес және құқық жоғары мектебіЛитва – Витаутас Магнус университеті
7Ерболат Айғаным Мерхатқызы6В06102 Ақпараттық жүйелер3IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіВенгрия – Сегед университеті
8Ержанова Жанзада Бауржанқызы6В11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау3IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіПольша – Адам Мицкевич атындағы университет
9Қабылғазы Жұпар6В01707 Шетел тілдері (IP)2Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіПольша – Адам Мицкевич атындағы университет
10Қизатов Әлішер Естайұлы6В04107 Экономика және менеджмент1Бизнес және құқық жоғары мектебіЛитва – Витаутас Магнус университеті
11Магауьянов Илиас Канагатович6В03102 Саясаттану және халықаралық қатынастар1Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіВенгрия – Сегед университеті
12Маукен Дина6В02301 Аударма ісі1Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіВенгрия – Сегед университеті
13Мәукенов Мағжан Нұржанұлы6В04108 Қаржы және есеп3Бизнес және құқық жоғары мектебіВенгрия – Сегед университеті
14Мәукенова Камила Маратқызы6В01707 Шетел тілдері (IP)1Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіПольша – Адам Мицкевич атындағы университет
15Муратова Сабина Асетовна6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі3Педагогика жоғары мектебіПольша – Адам Мицкевич атындағы университет
16Нургалиева Каракат6В11101 Туризм1Бизнес және құқық жоғары мектебіИталия – Генуя университеті
17Токтарова Мадина Бауыржанқызы6В01510 География және тарих3IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіМалайзия – Сұлтан Идрис атындағы Білім беру университеті

 

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болған білім алушылар анықталды. Іріктеуден сәтті өткен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға оқу барысында зор табыс, жаңа білім мен тәжірибе, ғылыми-академиялық жетістіктер және жарқын әсерлер тілейміз.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары студенттерге шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге, кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және мәдени байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық үміткерлерге бағдарламаларға қызығушылық танытқаны, белсенділік көрсеткені және кәсіби әрі тұлғалық дамуға ұмтылғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім мен біліктілікті арттыру жолында табысты қадамдар жасай берулеріңізге тілектеспіз.