17 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында университеттің стратегиялық дамуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, білім беру сапасын арттыру және студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі университеттің интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асыру барысы, оның проблемалары мен даму перспективалары болды. Сонымен қатар университеттердің «үшінші миссиясын» іске асыру, білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге даярлау, олардың әлеуметтік құзыреттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Отырыста ауыл жастарына арналған мемлекеттік квота бағдарламасының орындалу барысы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ағылшын тілін меңгеруге ынталандыру жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми дерекқорлардағы жарияланым белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ғылыми кеңес мүшелері 2026–2027 оқу жылына арналған оқу және педагогикалық жүктемені есептеу нормативтерін талқылап, қабылдау комиссиясының жаңа қабылдау науқанына дайындығы туралы ақпаратпен танысты. Бұдан бөлек кәсіптік бағдар беру жұмыстары, түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері және мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу мәселелері де күн тәртібінен орын алды.

Жиын қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, жауапты бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктелді.