9 шілде 2026


ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ АХМЕР ПОЛИГОНЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТАН ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасының студенттері 27953 әскери бөлімінің Ахмер оқу-жаттығу полигонында әскери оқу практикасын сәтті аяқтады.

Практика барысында болашақ запастағы офицерлер мен сержанттар әскери даярлықтың негізгі элементтерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Студенттер АК-74 автоматы бойынша бастапқы атыс жаттығуын, Макаров тапаншасынан №1 оқу ату жаттығуын орындап, атыс қаруларын қолдану дағдыларын жетілдірді.

Сонымен қатар оқу-жаттығу аясында жауынгерлік ұрыс машинасын жүргізу сабағы ұйымдастырылып, студенттер әскери техниканы басқарудың практикалық қырларын игерді. Бұдан бөлек, жауынгерлік ұрыс машинасынан ату сабағы өткізіліп, әскери жағдайда қаруды тиімді қолдану машықтары пысықталды.

Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің теориялық білімін бекітіп қана қоймай, әскери тәртіпті, жауапкершілікті және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әскери оқу практикасы болашақ әскери мамандардың кәсіби дайындығын шыңдап, олардың Отан қорғау жолындағы білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды кезең болды.