26 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY АКОРДАДА ӨТКЕН ТАМЫЗ КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ақордада Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және білім беру салаларын дамытудың өзекті мәселелері қаралған тамыз кеңесі өтті. Іс-шараға Amanzholov University-дің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің одан әрі дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, мемлекет пен қоғам алдында тұрған маңызды өзгерістер мен міндеттерге тоқталды.

Мемлекет басшысының сөзінде бір палаталы Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың тарихи маңызына ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кезең Қазақстанның саяси дамуында жаңа бетбұрыс ашып, мемлекеттік институттарды одан әрі жетілдіруге негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Президент алдағы саяси өзгерістердің негізгі бағыттарын да айқындады. Оның ішінде жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жоспарланған реформаларды жүзеге асыру мәселелері қамтылды.

Сөздің елеулі бөлігі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, елді мекендерді абаттандыру, қалалық ортаның сапасын арттыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын одан әрі дамыту мәселелері қозғалды.

Білім беру және адами капиталды дамыту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Заманауи жоғары білім беру жүйесі елдің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Ол білікті мамандар даярлауға, ғылыми әлеуетті дамытуға және жас ұрпақтың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Amanzholov University үшін тамыз кеңесіне қатысу кәсіби және қоғамдық тұрғыдан маңызды. Профессор-оқытушылар құрамының іс-шараға қатысуы университет өкілдеріне білім беру мен қоғамдық салалардағы өзекті мәселелерге тікелей қанығып, стратегиялық басымдықтармен танысуға және оларды алдағы кәсіби қызметте ескеруге мүмкіндік береді.

Тамыз кеңесі ел дамуының негізгі бағыттарын талқылауға және алдағы кезеңдегі басым міндеттерді айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.