29 тамыз 2026


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН КӘСІБИ ҮЛЕСТІ МОЙЫНДАУ!

Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Кабдульашимовна Алипова инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан кәсіби үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Құжатқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Куанышовна Акпарова қол қойған.

Бұл алғыс хат Алима Кабдульашимовна Алипованың инклюзивті білім беруді дамытуға, педагогтер мен мамандарды қолдауға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу тәсілдерін жетілдіруге бағытталған кәсіби қызметіне берілген жоғары баға болды.

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы инклюзия саласына заманауи тәжірибелерді енгізу, мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ әрбір балаға қолжетімді әрі сапалы білім алуға жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Орталық ұжымы үшін бұл мойындау атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын растайтын маңызды көрсеткіш болып табылады және инклюзивті білім беру саласындағы бастамаларды одан әрі дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға ынталандырады.

Amanzholov University Алима Кабдульашимовна Алиповaны лайықты мойындалуымен құттықтап, кәсіби қызметінде одан әрі табыстар, жаңа маңызды жобалар мен инклюзивті білім беруді дамыту жолында жаңа жетістіктер тілейді.