1 қыркүйек 2026


БІЛІМ САБАҚТАСТЫҒЫ: AMANZHOLOV UNIVERSITY ӨКІЛДЕРІ ӨСКЕМЕН МЕКТЕПТЕРІН БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 қыркүйек – Білім күніне орай AMANZHOLOV UNIVERSITY-дің профессор-оқытушылар құрамы Өскемен қаласындағы бірқатар мектепке арнайы барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Университет өкілдері ұстаздарға кәсіби еңбекте толағай табыс пен шығармашылық шабыт, ал оқушыларға білім мен ізденіске толы оқу жолын тілеп, жаңа оқу жылына жылы лебіздерін білдірді.

Кездесулер барысында мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы білім сабақтастығының маңызы атап өтілді. Мектеп қабырғасында қалыптасқан білім мен дағдыларды жоғары оқу орнында одан әрі дамыту болашақ маманның кәсіби қалыптасуына негіз болады.

Білім күніне орай ұйымдастырылған кездесулер AMANZHOLOV UNIVERSITY мен Өскемен қаласындағы мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.