24 Қазан 2023


XVII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «XVII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: заманауи тәсілдер мен көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Шара барысында Дорджи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университетінің қатысушылары Алтына Шойдонова, сондай-ақ Орал, Қызылорда, Семей мен Көкшетау ғалымдары актуалды тақырыптарды көтеріп, баяндамаларын оқыды.
Сонымен қатар, конференцияға философия докторы, Мимар Синан атындағы түрік өнер университетінің профессоры Ахмет Ташағыл қатысты.