16 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне қарасты Экология және география кафедрасы «Экология әрқайсымыздан басталады» атты экологиялық акция ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен оқытушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілікті арттыру және табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын дамыту.

Акцияға қатысушылар университет аумағын тазалап, қоқыстарды жинады және айналаның тазалығы мен тәртібін сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды. Бұл бастама әр адамның жеке жауапкершілігі мен бірлескен еңбегінің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын көрсетті.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағытымен де сабақтас. Аталған мақсат қауіпсіз, орнықты әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруды көздейді.

Экологиялық акция жастардың қоршаған ортаны таза ұстауға және тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруға қосатын үлесінің маңызын айқындады. Мұндай бастамалар қоғамдық орындарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғау әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталатынын түсінуге ықпал етеді.