2 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ» БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жатақханаларда санитарлық талаптар мен ішкі тәртіпті сақтауға бағытталған «Тазалық айлығы» басталды.

Акцияның негізгі мақсаты – студенттер үйінде тазалық пен тәртіпті сақтау жауапкершілігін арттыру, қолайлы тұрмыстық орта қалыптастыру және ортақ мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін дамыту.

Осыған орай университет студенттерін өз бөлмелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, асүй, дәліз және басқа да ортақ пайдаланылатын орындардың ұқыпты сақталуына үлес қосуға шақырады.

Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Студенттер үйіндегі жайлылық пен тәртіп әрбір тұрғынның ортақ міндетіне айналуы тиіс.

Таза бөлме – таза студенттер үйі! Тазалық пен тәртіп – ортақ міндетіміз!