Түлектер қауымдастығы

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ «Алтын тамыр» түлектер қауымдастығы

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ «Алтын тамыр» түлектер қауымдастығы – ерікті мүшелікке негізделген қауымдастық. Мәдени, білім беру, ғылыми, басқарушылық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу және ортақ мүдделерді іске асыру үшін құрылатын Қоғам түлектерінің өзін – өзі басқаратын ерікті ұйымы болып табылады. Қауымдастық түлектер мен Қоғам арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа мүмкіндік жасай отырып, Қоғам түлектеріне көмек көрсетеді және қоғамның нарықтағы ұстанымын нығайтуға жәрдемдеседі.

Жакупов Ержан Замашович

Түлектер қауымдастығының мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

  • 1Кадрларды даярлау саласында зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетті біріктіру және дарынды студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету, мұқтаж студенттерге, магистранттарға, докторанттарға (жетімдерге) көмек көрсету);
  • 2Ғылыми бағдарламаларды, студенттердің іссапарлары мен оқуларын қолдау, атаулы стипендиялар тағайындау, қоғамның мәдениеті мен спортын дамытуға жан-жақты қолдау көрсету;
  • 3Түлектердің кәсіби және мәдени қарым-қатынасы, түлектердің өзін-өзі дамытуды жүзеге асыруы, олардың кәсіби өсуіне жәрдемдесу, оқу, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жобаларды жүзеге асыруда түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану есебінен қоғамның даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу үшін жағдайлар жасау;
  • 4Қоғамның үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;
  • 5Қоғамның әлеуметтік, мәдени, білім беру, ғылыми мәселелерін шешуге, түлектер мен оқытушылар арасындағы ақпарат алмасуға жәрдемдесу.

Қауымдастық алға қойған мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді атқарады:

Қоғам түлектеріне бір-бірімен кәсіби байланыс орнатуға, Қауымдастық мүшелері арасындағы байланысты қолдауға көмек көрсетеді;

Түлектерге білім беру, консультациялық және өзге де қызметтер көрсетеді;

Қауымдастық қызметінің мақсаттарына сәйкес бағдарламалар мен жобаларды әзірлейді;

Дәрістер мен семинарлар, конференциялар, көрмелер, мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізеді;

Қоғам түлектерінің ақпараттық мәліметтер базасын жүргізеді;

Қоғамның білім беру, ғылыми және мәдени ақпаратын жинауды, өңдеуді ұйымдастырады;

Қоғамның облыстың коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға қолдау көрсетеді.

Түлектер