15 января 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы «Педагогтің кәсіби құзыреттілікті дамыту»  атты семинар-тренингін ұйымдастырды. Мақсаты — жас оқытушылардың сапалы педагогикалық қызмет үшін құзыреттілігін арттыру.

Семинар-тренинг барысында шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессоры Толқын Әбдірахманова қаысушыларға педагогикалық дағдыларды дамыту, кәсіптік оқыту, әріптестерімен халықаралық тәжірибе алмасу, инновацияларды пайдалану тақырыптарын түсіндіріп, сондай-ақ оқыту әдістемесі саласындағы қосымша курстарға қатысу қажеттілігін айтты.

Спикер студенттермен қарым-қатынаста төрт маңызды тармақты атап өтті. Олардың ішінде тұрақты кері байланыс, оқыту әдістерімен тәжірибе жасау, соның ішінде геймификация және жобалар арқылы оқыту, менторлық және өзін-өзі дамыту.

Жоғарғы колледждің жас оқытушыларының айтуынша, семинар-тренинг барысында  қызықты және пайдалы ақпаратты алыпты. Шара соңында сертификат табысталды.