Студенттік іс жүргізу бөлімі
Калиева Гулнара Кайржановна
Бөлім бастығы
Студенттік іс жүргізу бөлімі — университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызметінің негізгі бағыты құжаттандыру үрдісі мен студенттік құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, студенттік құрамның оқуға қабылданғаннан бастап бітіргенге дейінгі қозғалысын есепке алу мен бақылау толып табылады.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Құжаттармен жұмыс істеудің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
2. Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, студенттік құжаттармен жұмыс істеу;
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері:
4. Мұрағатқа бітірушілер мен оқудан шығарылған жеке іс құжаттарды жинақтап тігу және тапсыру.
5. Нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша жұмысты жетілдіру;
6. Озық технологияларды және техникаларды қолдану негізінде құжаттарды өңдеу;
7. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Студенттік іс жүргізу бөлімі келесі функцияларды жүзеге асырады:
- Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлардың және ректордың қарарына сәйкес, студенттік бұйрықтар басып шығару;
- Білім алушылардың қозғалысы мен толықтыруларына байланысты бакалавриат және магистратурада білім алушылардың жеке іс құжаттарын өңдеу, қабылдау;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері:
- Жоғары оқу орындарына қайта қабылдау және ауыстыру;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
- Жоғары оқу орындарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру.
- Білім туралы құжатты (аттестат пен дипломды) уақытша қолдануға беру;
- Университеттің Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (ААЖ) және т.б., білім алушыларды бағдарламаға кіргізу;
- Бекітілген формаларға сәйкес, оқыту үдерісі кезінде студенттік құрам қозғалысының статистикалық есебін қалыптастыру, мәліметтерді жаңарту әдістерін жетілдіру;
- Университет АИС-мен білім алушылардың құрамын тексеру, жоғары оқу орындары белгіленген мерзімдер мен мекенжайларға берілетін, бекітілген ережелер бойынша студенттік құрамның қозғалысы мен жағдайы туралы есептер құрау;
- Білім алушыларды студенттік құжаттама бланктерімен қамтамасыз ету: студенттік билеттер мен сынақ кітапшалар;
- ҚР білім және ғылым Министрлігіне мемлекеттік үлгідегі білім туралы анықтаманы оқу орнын бітірмегендерді қозғалыс құжатына байланысты есепке алу және тіркеу;
- Жазғы және қысқы демалыс кезеңінде босаған білім грантына ақылы бөлімде білім алушылардың құжаттарын жинап жоғары білім алу үдерісінде босатылған білім грантына үміткерлердің құжаттарын ҚР БжҒМ шешім қабылдау үшін жіберіледі;
- Бітірушілер мен оқудан шығарылғандардың жеке іс құжаттарын мұрағатқа жинақтап тігу және тапсыру;
- Университеттің әскерге шақырылғандары мен әскери міндеттілерінің әскери есебін және брондауын жүргізу.
Байланыс ақпараты:
30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 №1 оқу ғимараты; № 204, 206 каб.;
Телефон: 8 (7232) 540-821