22 февраля 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ «QUIZ» ОЙЫНЫ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжі 19 ақпаннан бастап – 1 наурызға дейін жоспарланған декада жұмыстарын қатты аязға қарамай жалғастыруда. Оның дәлелі бүгін ұйымдастырылған «Quiz» ойыны.

Жоғары колледждің жас мамандары мен тәжірибелі оқытушыларының қатысуымен өткен ойын тартысты өтті. Қызметкерлердің ой-өрісін, білімін жетілдіріу мен бос уақытын тиімді өткізуге арналған зияткерлік ойын осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, «Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағананны білдіреді. Ойын ретінде 1975 жылдардан бастап кең тараған. Еуропада зияткерлік ойын өткен ғасырда қанатын кеңге жайса, көршілес Ресейде 2010 жылдың ортасында ғана аудитория жинаған.

Сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру. Сондай-ақ, ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, зияткер орта қалыптастыруға үлес қосу, мамандардың танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

— Жастардың арасында кең тарала бастаған зияткерлік сайыс ойыны ұшқырлардың бас қосатын бірден-бір ортасына айналып келе жатқаны қуантады, — дейді «Педагогика және психология» ПЦБ-ның төрайымы Мөлдір Манкей.

Ойынның орташа болатын уақыт ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35-50 сұрақ қойылды. Ойынға 5 топтан құралған пәндік-циклдік бірлестік оқытушыларынан құралған қатысушылар әр тур сайын тест, суретті және медиа тақырыпты күрделі сұрақтарға тапқырлықпен, әрі шапшаң 30-60 секудта жауап беруден бөлек, логикалық сұрақтармен де сыналды.

Ойынның нәтижесінде «Әлеуметтік — гуманитарлық пәндер, экономика және құқық» ПЦБ-ның оқытушыларынан құралған команда жеңімпаз атанса, «Ғылыми —  жаратылыстану» ПЦБ командасы екінші орынға ие болды. Үшінші орынды «Педагогика және психология» ПЦБ-ның командасы қанжығаларына байлады. «Тілдер пәндік — циклдік бірлестігі» және «Дене шынықтыру және спорт» ПЦБ-лары сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, алдағы уақытта да осындай үлгідегі ойындар күтілуде…