19 марта 2024
AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжі Ұлыстың ұлы күніне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекені ерекше атап өтті. «Аманжолов ауылы» мен «Бітібаева ауылы» деген атаумен тігілгін киіз үйлер сән-салтанатымен безендірілді. Әр елдің көрмелер алыстан өзіне назар аудартса, әсем ән мен тәтті күй, бишілердің мың бұрала билеген билері, пісіп жатқан ыстық бауырсақ, асық ойнаған балалар жиналған қауымды өздеріне баурап әкетті.
— Наурыз мерекесі биыл «Наурызнама» кестесіне сай ерекеше аталып өтуде. 14 наурыз амал мерекесінен басталып, кеше ұлттық киімімізді дәріптесек, бүгін жаңару күні атап өтіп жатырмыз. Осылайша мерекеміз он күнге жалғасады. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын! – деп құттықтады облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбекқызы.
Мереке барысында Жоғары колледждің әлеуметтік серіктестік саласындағы жемісті қызметі мен өзара ынтымақтастықты ту еткен және колледжің дамуына қосқан үлесі үшін қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды. Білімдерімен қатар ерекше белсенділік танытқан студенттер де Алғыс хатқа ие болды. Мерекелік шарада аймақтың 29 коллеждің талантты студентері өнер көрсетті. Наурыздың 11-і мен 19-ы аралығында жарияланған «Үздік студенттік жатахана» бейнебайқауыны қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, 1 – орынды Өскемен жоғары медициналық колледжі, 2 – орынды Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі, 3 – орынды Шемонаиха колледжі иеленді.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара бағдарламасы «Шебер қолдар» көрмесімен, «Наурыз-базарлық» атты әр түрлі елдің ұлттық тағамдарының жәрмеңкесімен қызықты бола түсті. Ал, «Бауырсақ — PARTY» байқауы мен «Самаурыным қайнасын, дастарханым жайнасын» — атты самаурынды жылдам қайнату сайысы жиылған қауымға көңіл-күй сыйлады. «Ұлттық ойын – ұлт игілігі» атты жарыстар барысында жастар асық атты, тоғызқұмалақ ойнап, қолкүресті.
Құрметті қонақтар мен студенттер арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. «Аманжолов ауылында» колледж студенттері «Бата беру», «Тұсау кесу» сияқты халқымыздың салт-дәстүрлерінен көрніс қойса, білім алушылар Сымбат Таурат пен Дильназ Абутова «Қыз бен жігіт» айтысының керемет үлгісін көрсетті.
Мереке соңы жастардың би кешіне ұласты.