10 Сәуір 2024


ШҚУ-ДА ҒЫЛЫМИ ВЕБИНАР ӨТТІ

 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Ғылым айы» бағдарламасы аясында «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі аспектілеріне шолу» атты ғылыми вебинар өтті. Шараны «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған.

Шараға ғалымдар, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, «Алтайтану» ҒЗО қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Вебинар бағдарламасына сәйкес, ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор Гүлжан Сәрсенбаева өз сөзінде гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі проблемалар және ғылыми жобаны жазу тәсілдері туралы айтып берді. Ғалым тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Орталықтың бас ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор Виктор Шелепов «Қазіргі жағдайдағы қазақстандық жастарды әлеуметтік сәйкестендірудің трансформациясы» тақырыбында баяндама жасады.

Вебинарға қатысушы профессор Задаш Дүкенбаева «Алтайтану» ҒЗО-ның алыс және жақын шет елдермен халықаралық ынтымақтастығының ғылыми бағыты мен  өзектілігі туралы материалмен бөлісті.

Вебинар соңында модератор, PhD философия докторы Майра Шүршітбай «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы туралы, орталықтың негізгі жұмыс жоспары, ғылыми басымдықтары мен бағыттары туралы ақпаратпен таныстырды.

Барлық баяндамалар мазмұнды болып,  вебинардың негізгі тақырыбының мәнін кеңінен ашты.