Университет музейі
Университет
Музейі
Мекен-жайы: Өскемен қ., 30-шы гв.дивизияшылар к.,36, 3 қабат, 315 кабинет
Почта: nazym_amanzholkyzy@mail.ru
тел.: 8778 904 11 18
Аманжолова Назым Аманжолкызы
Жетекші
Мұражай университет тарихының тарихи-мемориалдық дереккөздерінің сақтаушысы. Мұражайдың негізгі міндеті – пәндік-бастапқы базаны қалыптастыру, зерделеу және жүйелеу, оны оқу үдерісінің саласына тарту.
2018 жылы университеттің №1 оқу ғимаратында «Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайы» салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне белгілі ғалымдар – көптеген археологиялық экспедициялардың жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, ШҚМУ түлегі З. Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Таймағамбетов, «Алтайтану» ҒЗО аға ғылыми қызметкері Е. Қариев, ЖОО ардагері, тарих ғылымдарының докторы И. Полторанин қатысты.
Мұражайға палеолит, мезолит, қола дәуірі, ерте сақ кезеңі туралы мәлімет беретін стендтер, бірегей жәдігерлер – әшекей бұйымдары, еңбек құралдары, бас киімнің, ыдыс-аяқтың, қару-жарақтың, сүйектен жасалған бұйымдардың бөлшектері қойылды.
Мұражайдың екінші қабаты Қазақстан халқы Ассамблеясы экспозицияларымен толықты. Әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киім үлгісі орналастырылды. Университет тарихы ақпараттық тақтайшаларында ӨПИ-ШҚМУ-нің құрылу тарихы көрсетілген.