10 мая 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ АНАЛАР КҮНІ ӨТТІ

Жоғары колледжде Аналар күніне арналған іс-шара өтті. Басты мақсат – студенттердің ата-аналармен қарым-қатынасын жақсарту және тиімді өзара байланыс құруға шақыру.

Мереке барысында студенттер мен олардың аналары топтық жұмыс істеп, викторина мен психологиялық ойындарға қатысты.

– Бұл әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін маңызды мереке. Бүгін анаммен ерекше күн өткізгеніме қуаныштымын, – дейді студент Виктория Киселева.

 

Аналар күнін мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елі атап өтеді: АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия, Австралия және т. б.
Бұл мереке 2024 жылы алғаш рет Қазақстанда 12 мамыр күні аталып өтті.