«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы

Алипова Алима Кабдульашимовна
Орталық жетекшісі
«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының қызметінің мақсаты Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру және жан-жақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін ұйымдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.
«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының қызметінің міндеттері
Кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының біліктілігін арттырудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
Инновациялық жаңартуларды ескере отырып, түзету педагогикасы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету;
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру үшін кәсіби конкурстар, олимпиадалар, Ашық есік күндерін өткізу.
Білім беру және даму саласының проблемалары бойынша ғылыми, әдістемелік, сараптамалық және басқа да кеңес түрлерін көрсету;
Заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстары бойынша диагностикалық, білім беру қызметтерін көрсету;
Педагогика және психология және басқа да білім беру салаларының мәселелері бойынша Инновациялық әзірлемелерді жариялау.