«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы

Мекенжайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизилық көшесі, 34. №1 оқу ғимараты, 125а каб., «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы. Тел: 8 701 345 77 28, 8 705 508 30 03 E-mail: aalipova@vku.edu.kz
Алипова Алима Кабдульашимовна

Алипова Алима Кабдульашимовна

Орталық жетекшісі

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының қызметінің мақсаты Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру және жан-жақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін ұйымдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының қызметінің міндеттері

1

Кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының біліктілігін арттырудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

2

Инновациялық жаңартуларды ескере отырып, түзету педагогикасы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету;

3

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру үшін кәсіби конкурстар, олимпиадалар, Ашық есік күндерін өткізу.

4

Білім беру және даму саласының проблемалары бойынша ғылыми, әдістемелік, сараптамалық және басқа да кеңес түрлерін көрсету;

5

Заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстары бойынша диагностикалық, білім беру қызметтерін көрсету;

6

Педагогика және психология және басқа да білім беру салаларының мәселелері бойынша Инновациялық әзірлемелерді жариялау.