4 Маусым 2024


С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің студенттер арасында ашық іс-шара өткізілді. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 және 2 курс студенттері бірігіп мерекелік іс шараны жоғары деңгейде атап өтті.

Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шара барысында  Мемлекеттік Әнұран мен Қазақстанның патриоттық әндері орындалып, рухты көтерер өлеңдер оқылды.

         Мемлекеттік рәміздер – біз үшін аса қастерлі тәуелсіздігіміздің қасиетті нышаны, егемендігіміз бен өзге жұрттан ерекшелігіміздің айқын белгісі. Студенттеріміз болашаққа нық сеніммен қарайтын және егемендігіміздің нышаны рәміздер екендігін жетік түсінген– дейді Молдир Манкей.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерге қатысты бірқатар басым шараларды белгілеген болатын. Атап айтқанда, осы бағытта жастармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.