«Ақбозат» шахмат клубы

 «Ақбозат» шахмат клубының мақсаты мен міндеттері

«Ақбозат» шахмат клубы — Студенттер арасында шахматты дамытуға бағытталған ұйым.

Клубтың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және шахмат арқылы тұлғалық өсуіне ықпал ету, шахматты кеңінен насихаттау және дамыту.Жастар арасында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру

 Міндеттері:

Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер тағайындау арқылы ынталандыру. Шахмат үйірмелеріне әдістемелік көмек көрсету және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.Қоғамды шахматтың маңыздылығы туралы ақпараттандыру және оларға қатысу мүмкіндіктерін ұсыну.

 «Ақбозат» шахмат клубы балалар мен жасөспірімдерге шахмат арқылы зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді және еліміздің шахмат мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуда.