5 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY РЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Amanzholov University-дің басқарма төрағасы-ректор, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтар Төлеген ҚР Президентінің №0510 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Бұл айтулы марапат – университеттің басшысының ел дамуына, оның ішінде білім беру және ғылым саласына қосқан сүбелі үлесінің, жоғары кәсіби біліктілігі мен тиімді басқарушылық қызметінің нәтижесі.

Айта кетейік, мерейтойлық медаль — еліміздегі Ата заңның үстемдігін нығайтуға, мемлекетіміздің тәуелсіздігін бекемдеуге, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ конституционализм қағидаттары мен идеяларын ілгерілетуге елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталатын жоғары марапат.