«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

«Алтайтану»
ғылыми-зерттеу орталығы

Посткеңестік кеңістіктің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси трансформациялануы және ХХ-ХХІ ғасырлардағы халықаралық интеграция мен жаһандану үдерістерінің детерминалдануы бір жағынан, соңғы жылдар оқиғалары, өткен шақтың тарихи-саяси деректерінің әркелкі сипатталуы, халықаралық қарым-қатынастар мен жаһандық дағдарыстың ушығуы екінші жағынан, тарихи және мәдени мұраларды зерттеп, сақтау мәселелерімен бірге  Шығыс Қазақстан мен трансшекаралы кеңістікте болып жатқан этномәдени және этносаяси үдерістерді зерттеп, ғылыми тұрғыдан саралаудың қажеттілігін тудырып отыр. Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия мемлекеттерінің тоғысындағы Шығыс Қазақстан аймағының өзіндік ерекшелігі мен шекаралық жағдайын ескере отырып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 290-п бұйрығымен «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Шығыс Қазақстан мен Үлкен Алтай аймағының трансшекаралық кеңістігіндегі пәнаралық байланыстар тоғысындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті теориялық-әдіснамалық мәселелері мен олардың қолданбалы жақтарына байланысты ғылыми-зерттеулер жүргізу.

Ғылыми-зерттеу: тарих, этнология, этнография, әлеуметтік антропология, этнопсихология, этнопедагогика, мәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, түркітану, география, экология мен экономика салаларында кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмысы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен; Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік университетімен, Түркиядағы Улудаг Университеті, ҚР ҒЖБМ Философия және саясаттану институты, Доржи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен; аймақтың  ғылыми-білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Ағартушылық: Орталықтың құрылымдық бөлімшесі ШҚУ музейі арқылы және ШҚОМА-мен серіктестік арқылы жүзеге асырылады, негізгі жұмыс түрлері тақырыптық көрмелер, экспозициялар, кеңестер, дәрістер, экскурсиялар болады.

Білім беру: факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысы мен әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алушылардың оқу іс-тәжірибелерін ұйымдастыру мақсатында Орталық әрекеті базалық болып табылады.

-  Шығыс Қазақстанның трансшекаралық кеңістігінің өткені, қазіргісі және болашағындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, этномәдени үдерістерді зерттеп, болжау бойынша фундаментальді және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

- Үлкен Алтай аумағындағы аймақаралық ғылыми серіктестік бойынша болашағы бар бағыттарды анықтап, әзірлеу;

Алтайдың тарихи-мәдени мұрасы мен табиғи байлығын қорғау бойынша аймақаралық байланыстарды дамыту және нығайту;

- Трансшекаралық мемлекеттер мен Үлкен Алтай ұлттары өкілдерінің өзара әсерлерін кеңейту және нығайту;

- Үлкен Алтайдың білім беру мекемелерімен ЖОО-аралық ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту.

ҒЫЛЫМИ БАСЫМДЫҚТАР:

Этнографиялық, этнологиялық, этномәдени зерттеулер:

ғылыми зерттеулердің жағдайы мен болашағы, академиялық және ЖОО ғылымының интеграциясы, ауызша тарих орталықтарын ұйымдастыру, ұлттық-мәдени қозғалыстардың артуы, Үлкен Алтай халықтарының этногенезі, Алтайдың қазіргі түркі тектес халықтарының этно және мәденигенезі, дәстүрлі мәдениет пен өмірді қамтамасыз ету, халықтардың ментальді мінез-құлқының, толеранттылығы мен этносаралық диалогінің этнопсихологиялық қырлары, Алтай халықтарының этномәдени мұрасын сақтау және насихаттау, мәдениаралы қатынастар мен этносаралық өзара әрекет, Алтайдың шекаралық аумақтарындағы қазіргі этномәдени жағдай, этноәлеуметтік және этноконфессионалдық үдерістер, мұражай этнографиясын дамыту, этнографиялық коллекцияларды насихаттау, Үлкен Алтай халықтарының қолөнері мен промыслы, этникалық дәстүрлердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі мен трансформациялануы, Алтайдың мәдениеті мен мәдени кеңістігі, мәдениаралық диалог.