24 қыркүйек 2026


БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

     Шығыс профилактикалық медицина орталығының маманы Джембаева Армангуль Махсутқызы бірінші курс студенттерімен мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өткізді.
     Кездесу барысында алкогольді ішімдіктерді, энергетикалық сусындар мен электронды темекілерді тұтынудың ағзаға әсері, денсаулыққа тигізетін зияны және ықтимал салдары талқыланды. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы және өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы атап өтілді.