Қашықтықтан оқыту туралы

Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 7 тамыздағы бұйрықпен қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қашықтықтан оқыту деп педагог пен білім алушылардың қашықтықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту түсініледі.

Өз кезегінде онлайн оқыту – білім алушы кеңістіктік және уақыттық қашықтыққа қарамастан педагог пен білім алушы арасындағы өзара іс – қимыл үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын кадрларды даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны.

Қашықтан кім оқи алады:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) қашықтықтан оқытуды ұсынады:

  • денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
  • қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысушыларға;
  • ЖЖОКБҰ-да білім алушыларға кадрларды даярлау бағыттарының белгілі бір тізбесі бойынша осы Қағидаларда белгіленген көлемнен артық емес.