ГЕРОДОТ
«Геродот» тарих клубы — С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен жастар үшін тарихи танымды кеңейту, ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту және әлеуметтік белсенділікті арттыру мақсатында құрылған ұйым. Клуб Қазақстан мен әлемнің тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған.
Мақсаты:
«Геродот» тарих клубының басты мақсаты — жастардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру, тарихи танымын кеңейту және әлеуметтік белсенділігін дамыту. Сонымен қатар, ұлттық және әлемдік тарихтың құндылықтарын насихаттап, мәдени мұраларды сақтау мен құрметтеуді алға тарту.
Міндеттері:
Танымдық қызмет:
Тарихқа қызығушылықты арттыру және оны терең зерттеуге мүмкіндік беру.
Белгілі тарихи кезеңдер мен тұлғаларға қатысты білімді жүйелеу.
Ғылыми ізденіс:
Зерттеушілік дағдыларды дамыту (дереккөздерді іздеу, талдау және құрастыру).
Тарихи мәліметтерді сыни тұрғыда бағалау және қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіру.
Әлеуметтік белсенділік:
Клуб мүшелерінің шығармашылық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту.
Ұлттық және мәдени мұраларды қорғауға және насихаттауға шақыру.
Коммуникация:
Тарихқа қызығушылық танытатын жастар арасында байланыс орнату.
Тарихшылар, археологтар, мұрағатшылар және басқа мамандармен байланыс орнату.
Негізгі қағидаттары:
Ашықтық: Әр адам өз пікірін еркін түрде білдіре алады.
Жүйелілік: Барлық іс-шаралар алдын ала жоспарланып, нақты жүзеге асырылады.
Шығармашылық: Клуб мүшелері өз идеяларын ұсынуға және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Апталық іс-шаралар:
Дәрістер:
Белгілі тақырыптарда лекциялар өткізу, тарихи көзқарастарды талқылау.
Тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арналған деректі және көркем фильмдер көрсету, пікірталас жүргізу.
Тарихи жобалар мен зерттеулер:
Мұрағаттық құжаттарды, тарихи карталарды және басқа да деректерді зерттеу.
Ғылыми мақалалар жазу:
Клуб мүшелері тарихи зерттеулеріне негізделген эсселер мен ғылыми мақалалар дайындайды.
Саяхаттар мен экскурсиялар:
Қаланың тарихи-мәдени ескерткіштерін аралау.
Байқаулар мен іс-шаралар:
Тарихи викториналар, брейн-рингтер өткізу.
Тарихи жәдігерлер, фотосуреттер, карталар және басқа материалдар көрмесін ұйымдастыру.
Ғылыми және шығармашылық байланыстар:
Белгілі ғалымдармен, археологтармен және этнографтармен шеберлік сыныптары.
Ғылыми конференцияларға қатысу және ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Клуб мүшелерінің тарихи білімдері мен зерттеушілік қабілеттерінің артуы.
Ұлттық және әлемдік тарихқа деген құрметтің қалыптасуы.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және насихаттауға қосқан үлес.
Жастар арасында танымдық, шығармашылық және ғылыми белсенділіктің артуы.