ПАРАСАТ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Парасат интелектуалды клубы (ары қарай ИК) Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің белсенді студенттерінің қоғамдық бірлестігі болып табылады.
- ИК нақты ережелер мен қолданылатын талаптарға сәйкес құрылып, әрекет етеді.
- ИК өз қызметін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағында жүзеге асырады.
- Толық атауы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «ПАРАСАТ» интеллектуалды клубы.
ИК МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
ИК құрылу мақсаты:
- Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту;
- Студенттердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;
- Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып ұтқыр ойлауды қалыптастыру;
- Ғылыми салада ашықтықты, еркіндікті қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамды жандандыруға ықпал ету арқылы жастар қызығушылығын арттыра түсу;
- Еліміздің білімді жастарының мүмкіндігін дамыту, жасампаздық көзқарасы айқын анықталған азаматты тәрбиелеу;
- Рухани — адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу;
- Жастарды ұйымдастыра қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, шешуге ынталандыру.
Айқындалған мақсаттарға жету үшін ИК келесідей қызметтер түрін жүзеге асырады:
- Мектептерде, университетте жастарға қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін зерделеу, Қазақстандық және әлемдік ғылыми жаңалықтарды зерделеп, қызықты деректерді талқылау бойынша бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру;
- ИК мүшелерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелерін жетілдіру және осы орайда симпозиумдар, семинарлар, интеллектуалды ойындар және т.б. пайдалы шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және қатысушыларды қызықтыру;
- Қалалық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі интеллектуалды ойындарды, турнирларды ұйымдастырады және белсенді ат салысады.
ДК ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Заңмен белгіленген тәртіпте өзінің айқын мақсаттарына жету үшін ИК құқықтары:
- Өзінің қызметі жайлы ақпаратты еркін түрде тарату;
- Қоғамдық өмірдің сан салалы сұрақтары бойынша бастама көтеру, ғылыми деректерді талқылау.
- Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамада қарастырылған уәкілеттілігін толық жүзеге асыру;
- Аймақтық және республикалық интеллектуалды клубтарымен, ЖОО-дағы жастар орталықтары және ұйымдарымен берік байланыс орнату;
ИК міндетті:
- Кем дегенде айына 2 рет ИК жиналысын өткізуге;
- Өзінің қызметіне қатысты халықаралық құқықтың, жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын сақтау.
- Университет көлемінде, қалалық, облыстық жарыстар өткізу.
- Мәліметтердің шщынайылығын сақталуына.
ИК жауапты:
- Өз қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылыққа жол берілмеуіне;
- Нақты Ереже тармақтарының сақталуына;
- Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылмауына;
- Қызметте қолданылатын мүлік қауіпсіздігіне;
- Ішкі еңбек тәртібін бұзбауына;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектеуде, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына.