13 маусым 2024


“ҚОЛАЙЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ” КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында бейресми оқыту шеңберінде студенттерге “Қолайлы білім беру ортасы” тақырыбында курс өтті.


Курстың мақсаты-кәсіби қасиеттерді дамытатын мұғалімнің білімі, дағдылары мен құзыреттілігі жүйесін меңгеру. Аталған курста оқытушы педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының сеньор-лекторы Анастасия Косинцева болды. Оқу барысында курс қатысушылары авторлық жобаларды қорғады.


Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.