3 ноября 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖӘНЕ АСЫРАУШЫ ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттерге, магистранттарға, психологтарға, педагог-психологтарға, сондай-ақ мектептерде, балалар үйлерінде және басқа да ұйымдарда қиын жасөспірімдермен және асыраушы отбасылармен жұмыс істейтін мамандарға арналған біркүндік семинар басталады.

Жобаның мақсаты:

Қиын өмірлік жағдайлардан шығуға көмектесу, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, асыраушы балаларды тәрбиелеп отырған қазақстандық отбасыларды қолдау, ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.

Семинар офлайн форматта өтеді. Шараға Ресейдің «Бақытты отбасы әліпбиі» (АНО «Азбука счастливой семьи») ұйымының жетекші мамандары қатысады.

Өтетін орны:

ШҚО, Өскемен қаласы, 30-гвардиялық дивизия көшесі, 34

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ

 Күні: 11 қараша (сейсенбі)

Басталуы: 14:00

 Қатысуға тіркелу: 09.11.2025 ж. дейін — 8 701 345 77 28