14 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕБИНАР ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасында AP25794101 жобасы аясында «Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарында өсетін ағаш түрлеріне техногендік факторлар мен климат өзгерістерінің әсерін дендроиндикация әдісімен зерттеу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік вебинар өтті. Вебинардың тақырыбы: «Қалалық экожүйелер жағдайын мониторингтеудің құралы ретінде дендрохронология».

Вебинарды ұйымдастырған – жобаның жетекшісі, биология кафедрасының сениор-лекторы Құралай Алипина.

Вебинар барысында келесі баяндамалар тыңдалды: «Климат пен экожүйелер жағдайын зерттеуде дендрохронология мүмкіндіктері» – Құралай Алипина; «Орман-дала аймағындағы қылқан жапырақты ағаш түрлерін дендрохронологиялық зерттеу (ҚНПП «Көкшетау»)» – Шолпан Абилова (PhD, AIU); «Қазақстандағы климаттық өзгерістердің ендік градиентін зерттеуде дендроклиматтық талдау құралы ретінде» – Нариман Мапитов (PhD, Торайғыров университеті).

Қатысушылар баяндамаларға үлкен қызығушылық танытып, спикерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты. Вебинар мазмұны жағынан бай әрі пайдалы болды және тыңдаушылардың ғылыми көзқарасын кеңейтуге септігін тигізді.