14 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ БЕС ОҚЫТУШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА УНИВЕРСИТЕТ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Үздік ЖОО оқытушысы» республикалық байқауының ішкі кезеңі аяқталды. Конкурс комиссиясы мен сарапшылар тобының бағалау нәтижелері бойынша келесі кезең — республикалық деңгейде университет атынан қатысатын оқытушылар анықталды.

Белгіленген квотаға сәйкес, байқауға бес кандидат ұсынылды.15 жылға дейінгі педагогикалық еңбек өтілі категориясы бойынша: Меруерт Маулет — 75 балл (жүйе және сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша); Нұрғамит Қантай — 106 балл (жүйе және сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша).

15 жылдан астам педагогикалық еңбек өтілі категориясы бойынша: Мұратқан Мәдиаров — 95 балл (жүйе және сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша); Ләззат Баймолданова — 95 балл (жүйе және сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша); Бақытжан Келгембаева — 74 балл (жүйе және сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша).

Оқытушылардың қажетті құжаттарын дайындау және олардың әрі қарайғы қатысу үдерісін ұйымдастыруды Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті үйлестіреді.