6 октября 2023


«500 ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ

04.09.2023ж. бастап Үміткерлерді іріктеудің және ғылыми тағылымдамадан өтудің жаңа ережелері күшіне енді. Оған сәйкес биыл наурыз айында «Болашақ» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтпеген үміткерлердің қайтадан жаңа іріктеуге құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі бар. Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 04 қыркүйегі мен 13 қазан аралығында жүргізіледі. Келесі жылға тағылымдамадан өту мерзімін алдын-ала жоспарлауды ұсынамыз. «500 ғалым» жобасы бойынша шақырту алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Куәлік көшірмесі (міндетті түрде)
Үміткердің ғылыми дәрежесі мен лауазымы көрсетілген ағылшын тіліндегі түйіндеме (міндетті түрде)
Зерттеу жұмысының тақырыбы мен тезистері/ағылшын тіліндегі зерттеу жобасы (міндетті түрде)
2023 жылға арналған «Болашақ» талаптарына сәйкес ағылшын тілін білу деңгейін растау. Құжаттарды жинау Халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу стратегиясы бөлімі басшысының м.а. Ниғманова Дана арқылы жүзеге асады (№5 оқу ғимараты, 3 қабат).

https://bolashak.gov.kz/ru