26 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ ГРАНТЫ БОЙЫНША ОҚУДЫ АЯҚТАЙТЫН СТУДЕНТТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2026 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы және әкім гранты негізінде оқуын аяқтайтын студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда.

Бекітілген кестеге сәйкес, «Professional Upgrading» карьера орталығының мамандары әрбір білім беру бағдарламасы бойынша кездесулерді жеке форматта өткізуде. Апта ішінде бұл кездесулерге психология және коррекциялық педагогика кафедрасының, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының, мәдениет, спорт және АӘД кафедрасының, математика кафедрасының, физика және технологиялар кафедрасының және басқа да кафедралардың төртінші курс студенттері қатысты.

Кездесулер барысында «Professional Upgrading» карьера орталығының қызметкерлері студенттерге грантты өтеу тәртібі мен талаптарын жан-жақты түсіндіріп, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берді.