5 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «DANA BALA» ИНКЛЮЗИВТІК ЖӘНЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚОНАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ректор Мұхтар Төлегеннің бастамасымен ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивтік білім беру орталығы маңызды қонақтарды қабылдады. Қонақтардың кәсіби шеберлігі мен инклюзия саласына шынайы қызығушылығы зор құрметке лайық.

Орталыққа келушілер қатарында Аяужан Ашимова – ШҚО Анализ және болжау институтының директоры, ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрайымы; Ольга Григорьевна Кузавлёва – Ұлттық Құрылтай мүшесі, ШҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы мүгедектігі бар адамдар құқығы комитетінің басшысы болды.

Қонақтарға орталықтың мүмкіндіктері мен жетістіктері таныстырылды  «Dana bala» орталығының зертханалары мен материалдық-техникалық базасы; Балалардың ата-анасымен жұмыс істеу және халықтың аутизм жайлы хабардарлығын арттыру бойынша зерттеулер; «АҚБ балаларға психолого-педагогикалық даярлық және әдістемелік-технологиялық қолдау компетенция орталығы» коммерциализация жобасы аясындағы ғалымдардың әзірлемелері; Инклюзивтік білім беруге қатысты сұрақтарға жауап беруге, педагогтар мен ата-аналарға АҚБ балалармен жұмыс бағдарламасын құруға көмек көрсететін жасанды интеллектке негізделген жаңа сайт пен чат-бот.

Кездесу конструктивті және шабыттандыратын жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша әрі қарайғы ынтымақтастық келісімге қол жеткізілді..